БҚО әкімдігі бюджет шығындарын қысқарту мақсатында қызметтік көліктен бас тартып, таксиге отырмақшы. Қазіргі уақытта әкімдік такси қызметімен келіссіөздер жүргізіп, инвесторлар іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
БҚО әкімдігі бюджет шығындарын қысқарту мақсатында қызметтік көліктен бас тартып, таксиге отырмақшы. Қазіргі уақытта әкімдік такси қызметімен келіссіөздер жүргізіп, инвесторлар іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
"Достар, такси бойынша - аударым жасауды жоспарлап отырмыз. Бюджет шығындарын қысқарту мақсатында барлық басқармалар мен ведомстволарға қарайтын ұйымдарда қалайда қызметтік көліктерден бас тарту жобасын іске асыратын боламыз. Сонымен қатар, 100 көлігі бар таксопарк аша алатын инвестор іздестіріп жатырмыз. Тапсырыс беретінімізге кепілдік береміз, күніне үш-төрт тапсырыс болады. Бюджетке айтарлықтай пайда түсетін болады", - деп жазды облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев.
Оның айтуынша, мұндай шара қолдану арқылы бюджет шығынын 40 пайызға қысқартуға болады, сонымен қатар қызметтік автокөлік сатып алудан бас тарту айтарлықтай табыс алып келетіні сөзсіз екен.
31 қаңтарда Мемлекеттік сатып алу сайтында БҚО әкімдігіне қызмет көрсету үшін көлік қызметтерін сатып алу бойынша 57 миллион теңге сомасындағы тендер пайда болды. Тендерге техникалық ерекшелік тек бір ғана өнім беруші - облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы (ШБ) қатыса алатындай етіп жазылған. Шарттардан басқа, техникалық ерекшелікте болашақ өнім берушінің міндеттері де жазылған: ол әкімдікке жеке жүргізушілер мен медициналық қызметкерлерді ұсынуы тиіс.