04 сәуір 2022 | 13:36

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Батыс Қазақстан облысында 140 үй мен 2 әлеуметтік нысанды су басып қалды. 168 бас ірі қара өлді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында 140 үй мен 2 әлеуметтік нысанды су басып қалды. 168 бас ірі қара өлді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Батыс Қазақстан облысының алты ауданында жағдайдың шиеленісіп тұрғанын айтты.

"Су басқан үйлерден 750 адам эвакуацияланды, оның ішінде 215-і - бала. Адамдар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 770-тен астам адам мен 99 техника жұмылдырылды", - деді Ернұр Өтегенов.

Орал әкімі Абыт Шыныбеков облыс орталығында Дерқұл, Шаған, Жайық өзендерінің жайылмасында орналасқан саяжай бірлестіктерін су басу қаупі төніп тұрғанын атап өтті.

"Қар қарқынды еріп жатыр. Біздің саяжайларда 6 мыңнан астам адам тұрақты тұрады. Олардың барлығына су тасқыны қаупі туралы ескертілді", - деді қала басшысы.

БҚО әкімі су тасқынына қарсы шараларға облыс резервінен 1,2 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті. Зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі. Осы мақсатта аудандарда комиссиялар құрылып, шығын көлемін анықтап жатыр.

"Біз бірыңғай шот аштық. Зардап шеккендерге ақшалай және қажетті тауарлармен көмектескісі келетіндер көп. Су тасқыны салдарын жою бойынша еріктілер штабы құрылды. БҚО-ның су тасқынынан зардап шеккен төрт ауданында адамдарға көмектесетін 30 адамнан тұратын еріктілер жасағы жұмыс істейтін болады", - деді БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Дархан Кадралиев.

Еске салайық, БҚО-да қар еру салдарынан автомобиль жолдары мен тұрғын үйлерді су басты. Төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды.

Әкімдіктің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайға байланысты "Ақжайық" жеке қоры құрылды.
БСН: 030540003364
ЖСК: KZ196010181000219258 (валюта KZT)
БСК: HSBKKZKX
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ
КБЕ-18
Мекенжайы: Қазақстан, БҚО, Орал, ж. Молдағалиев көшесі, 19-үй, 101-кабинет, телефондар: 50 64 95, +7 705 984 41 91.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети