БҚО-да Тәуелсіздік күніне орай Құран бағыштау шарасы өтті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да Тәуелсіздік күніне орай Құран бағыштау шарасы өтті

Батыс Қазақстан облысында кеше 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болғандарға арналып Құран бағышталды.


Батыс Қазақстан облысында кеше 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болғандарға арналып Құран бағышталды.

Облыстық орталық мешітте өткізілген шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ақсақалдар, мешіт жамағаты және Желтоқсан оқиғасының қатысушылары болды.

Ел тәуелсіздігі жолында күрескен марқұмдардың рухына бағышталған құраннан кейін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының БҚО бойынша өкіл имамы Бақытжан Құралбайұлы Құран хатым дұғасын жасады. Кейін өңір басшысы Н.Төреғалиев Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен және ақсақалдар қауымымен сұхбаттасып, Тәуелсіздік күніне орай құттықтау тілегін жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материал БҚО әкімдігімен ұсынылған
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети