БҚО-да тұрғындар қақпаннан сытылып шыққан қасқырды тірідей ұстап алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да тұрғындар қақпаннан сытылып шыққан қасқырды тірідей ұстап алды Видео кадры

Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданында ауыл тұрғындары қыс бойы жергілікті шопандарды аңдыған қасқырды тірідей ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданында ауыл тұрғындары қыс бойы жергілікті шопандарды аңдыған қасқырды тірідей ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Жыртқыш күндіз де шопандар мал жайған жерлерге жақындап келген. Ел-жұрт мал қамын ойлап, тұзақ  құрған. Бірақ аң одан сытылып кеткен. Соңында жыртқышты қарда жүретін көлікпен қуып, ұстаған.

Мамандардың айтуынша, өңірде қыс жылы болғандықтан қасқыр көбейген. Ауа райы қолайлы болса, тіпті әлсіздері де аман қалады. Әдетте, олар адамдар жүретін аймақты торуылдайды, себебі осылай азық табу оңайырақ.

Биылғы маусымда облыс қасқыр атуға шек қойды (196 қасқыр).

"Облыс бойынша ғылыми ұйымдар мәліметінше, 1000-ға жуық қасқыр бар, ал 2022 жылға арналған биологиялық негіздеме бойынша малға шабуыл жасалғаны анықталған жағдайда ату жүргізіледі. Бүгінде жергілікті атқарушы органдарда қасқырлардың малға шабуыл жасау фактілері бірнеше рет тіркелді", - деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Арман Ізімғалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети