БҚО-да заңсыз схемамен 128 миллион теңге “табыс“ тапқан күдікті әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да заңсыз схемамен 128 миллион теңге “табыс“ тапқан күдікті әшкере болды видео кадры

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Оралда заңсыз микрокаржы қызметін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Оралда заңсыз микрокаржы қызметін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу мәліметі бойынша "Аванс 07" ЖШС басшысы тиісті лицензиясыз азаматтардан зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген. Бұл қызмет "Уральск Золото" атты дүкеннің жұмысы ретінде көрсетіліп, жасырын түрде жүргізілген.

Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген, ал пайыз зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген.

"Осы заңсыз қызметтің нәтижесінде 2 мыңнан аса қарыз берілген. Қылмыстық жолмен келген табыс көлемі 128 миллион теңгеден асқан. Сот санкциясымен күдіктінің көлігіне, 6 миллион теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.55   555.73   5.81 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети