БҚО-дағы аудандарда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-дағы аудандарда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды Көрнекі сурет: "МОЙ Город"

Бөрлі ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "МОЙ Город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бөрлі ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "МОЙ Город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО ТЖД жедел штабы 12 наурыздағы жағдай бойынша өңір аумағындағы су тасқыны жағдайы туралы хабарлады.

"12:00-де Деркөл және Чижа-2 өзендеріндегі су деңгейі қауіпті белгіден төмен. Өзендердің қауіпті учаскелерінде кезекшілік ұйымдастырылды. Су айдындарына мониторинг жүргізіледі. 11 наурызда Орал, Тасқала және Бәйтерек аудандарының аумақтарына ұшақпен бақылау жүргізілді. Деркөл, Шаған және Чижа-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттелді", - деді жедел штаб өкілдері.

Бөрлі ауданының әкімі елді мекендерді, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Оралда сегіз үйді су басқан.

Барлық мекен-жай бойынша үйлерден су сорылды. Сонымен қатар, Орал, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Сырым аудандарында және Бәйтерек ауданында еріген су сорылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети