Батыс Қазақстан облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты. Тағы екі адам ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты. Тағы екі адам ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан Полиция департаменті мәліметінше, 22 маусымда Самара-Шымкент тасжолының Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылының тұсында Lada Priora көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mazda көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екеуі ауыр жарақат алған.
"43 жастағы Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Mazda көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да сол жерде қаза болды. Тағы екі жолаушы ауыр дене жарақатын алды. ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Кейін Батыс Қазақстан Денсаулық сақтау басқармасы екі әйелдің қайғылы оқиға орнынан санитарлық авиациямен облыс орталығына жеткізілгенін хабарлады.
47 жастағы зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып, қалалық көпсалалы аурухананың хирургия бөліміне жатқызылған. Екінші, 72 жастағы адам ауруханаға жатқызудан бас тартты, бірақ ол нейрохирургия бөліміне жатқызылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!