15 ақпан 2019 17:50

БҚО-дағы төрт ауданда су тасқыны қаупі бар

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото Жанара Берикова © Фото Жанара Берикова

Батыс Қазақстан облысында төрт аудан мен Орал қаласы су астында қалу қаупі бар. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында төрт аудан мен Орал қаласы су астында қалу қаупі бар. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тасқынға қарсы бөгет жасау үшін 153 миллион теңге бөлінген. Су тасқыны жайлы алдын ала наурызда ескертеді. Бірақ, биыл жағдай өзгеше. Қар жамылғысы облыс аудандарында деңгейі 2-2,5 есе жоғары болды. "Казгидромет" РММ филиалындағылар су тасқыны Қазтал, Амангелді, Жәнібек және Бәйтерек аудандарында болуы мүмкін екенін айтты.

"Батыс Қазақстанда өзендердің су деңгейі негізгі нормадан 50-100 пайызға жоғары. Аймақтың алты өзенінде су деңгейі екі есе жоғарылап кеткен. Биыл күшті су тасқыны болуы ықтимал" - деді Батыс Қазақстан облысы "Казгидромет" РММ филиалының басшысы Нұржан Шияп.

Қала түбінде 75 саяжай орналасқан. Қыста ол жақта 14 мыңдай адам тұрады, олардың 5 мыңы балалар. Ол саяжайлар су астында қалатын болса, бірінші ретте осы жердегі адамдардың көшірілетінін айтты. Оралда 28 құтқару бекеті бар. Облыс орталығының қауіпті аймақтары да айтылды.

"Орал қаласында: Жұлдыз, Куреня, Мясокомбинат, ПДП-2, Дерул ауылында, Второй рабочий, Ескі әуежай, Лесозащитная, Физкультурная көшелері", - деді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ақылбек Ахметжанов. Егер апат болған жағдайда, облыс қорындағы 884 миллион теңге төтенше жағдайдың салдарын жоюға жұмсалады.     

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети