Батыс Қазақстан облысында дауыл тұруы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында дауыл тұруы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК-ның облыстық филиалының хабарлауынша, 30 наурыз күні Оралда және облыс аумағында қатты жаңбыр жауады. Жауын шашынмен бірге дауыл да күш алып, желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Осы хабар арқылы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті халық арасында төтенше жағдайлардың орын алмауына бар күшін салып, тұрғындардың өмірін қамтамассыз ету үшін электр желілері мен байланыстың үзіліп қалмауын қадағаламақ. Сондай-ақ, олар барлық күшті төтенше жағдайыдың алдын алуға жұмылдырып отыр. Қазір департаменттің жетекші тобы тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс жасауда.