Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып конкурстық негізде Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып конкурстық негізде Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов таныстырды.
Бақытжан Нарымбетов Орал қаласында дүниеге келген, 30 жаста. Білімі - жоғары. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін бітірген. 2012 ж. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін тәмамдаған.
Саясаттану ғылымдарының магистрі. 2007 жылдан Астана және Алматы қалаларында үкіметтік емес ұйымдарда жетекшілік қызметтер атқарған. 2013-2014 жж. Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, ақпараттық-талдау жұмыстары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. 2014 ж. қарашасынан 2016 ж. сәуіріне дейін - Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы. Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді. Соңғы тағайындауға дейінБатыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары міндетін атқарды.
Үйленген, бір ұл тәрбиелеп отыр.