БҚО тұрғыны 25 жылдан кейін өлді деп жүрген қызы аман-есен екенін білген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО тұрғыны 25 жылдан кейін өлді деп жүрген қызы аман-есен екенін білген видео кадры

Батыс Қазақстан облысының полициясы Орал перзентханасындағы жаңа туған сәбидің "өліміне" қатысты істі тергей бастады. Алайда іс жүзінде нәресте АҚШ-қа сатылған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының полициясы Орал перзентханасындағы жаңа туған сәбидің "өліміне" қатысты істі тергей бастады. Алайда іс жүзінде нәресте АҚШ-қа сатылған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Уральская неделя" мәліметінше, 2000 жылы Ақжайық ауданының 27 жастағы тұрғыны Оралдағы №3 перзентханаға кесарь тілігі арқылы ота жасатуға жеткізілген. Анестезиядан кейін әйел қызы қайтыс болғанын естіген. Ата-анасына нәрестенің денесі берілген, осылайша олар оны туған ауылына жерлеген.

2024 жылы қарашада БҚО тұрғынына белгісіз нөмірден қоңырау шалған, оған қызы тірі екені, Америкада тұратыны айтылған. Алғашында әйел бұған сенбеген, бірақ көп ұзамай баласының даусын естіпті. Бірнеше ай бойы олардың кездесуіне дайындық жүргізілген: виза рәсімдеу, құжаттарды жинау.

28 тамызда Орал қаласында 25 жастағы қыз туған ата-анасын алғаш рет көрді.

Қыз АҚШ-та өскен, магистратураны бітірген, қазір психолог болып жұмыс істейді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түпкілікті шешім қабылданады", - деді БҚО ПД өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети