01 қараша 2022 | 08:54

БҚО тұрғыны екі айлық сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да полицейлер екі айлық баланың өлімін тергеп жатыр. Шетінеген нәрестенің ата-анасының айтуынша, дәрігерлер антибиотик салған. Сол уколды салғаннан кейін 10 минут өткен соң кішкентай нәресте көз жұмған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

БҚО-да полицейлер екі айлық баланың өлімін тергеп жатыр. Шетінеген нәрестенің ата-анасының айтуынша, дәрігерлер антибиотик салған. Сол уколды салғаннан кейін 10 минут өткен соң кішкентай нәресте көз жұмған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Шетінеп кеткен нәрестенің әкесі қызының күні бойы жылағанын айтады. Артынша ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Кезекші дәрігер анализдерін алып, рентгенге түсіріпті. Нәтиже бойынша баланың пневмониямен ауырғанын анықтады. Медбикелер педиатр шақырып, укол салған.

"Дәрігерлер антибиотик салды. Қызым сол уколды салғаннан 10 минут өткеннен кейін көз жұмды. Сап-сау бала еді. Дәрігерлер өз кінәларын мойындамай отыр. Алғашқы тексеру бойынша пневмония болмаған. Бірнеше диагноз қойды, алдымен жүрек ауруы депті. Ондай болған жоқ, анафилактикалық шок болды, сосын олар бізді баланы құлатып алдыңдар деп айыптады", – дейді қыздың әкесі Еламан Үрінбаев.

Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны белгісіз.

Бәйтерек ауданындағы аурухананың бас дәрігері аллергиялық реакцияға сынама жасалғанын, бірақ қызару байқалмағанын айтады. Инъекциядан кейін бала бірден көгеріп кетіпті. Реанимациялық шаралар сәбиге көмектеспеген.

"Балаға кардиомегалия, жүректің ұлғаюы диагнозы қойылған. Жүректің қабығындағы қан қайдан шыққаны белгісіз, түсініксіз жағдай", – дейді аурухананың бас дәрігері Темур Мұсағалиев.

Сәбидің өлімін жергілікті полиция тергеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети