Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы Шежін-2 ауылының тұрғындары мектепке қайықпен қатынап жүр, - деп жазады "Мой Город".
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы Шежін-2 ауылының тұрғындары мектепке қайықпен қатынап жүр, - деп жазады "Мой Город".
Басылым оқырман жіберген видеоны жариялады.
"Шежін-2 ауылы, Бельский көшесі. Біз мектепке бара жатырмыз", - дейді видеодағы адам.
Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев мектепке жаяу баруға болатынын айтады.
"Бірден айта кетейін, бұл қардың еруінен пайда болған су жиынтығы. Бұл еріген су, ол көшенің кішкене бөлігін су алып жатыр, шамамен 100 метр. Мектепке жаяу баруға да болады, ол үшін тек айналып өту қажет. Сондай-ақ ауылда су басқан үйлер жоқ екенін айтқым келеді", - деп түсіндірді Санжар Әлиев.