Блинкен қазақ музыкасына қызығушылық танытты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блинкен қазақ музыкасына қызығушылық танытты

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға сапары барысында Қазақ ұлттық өнер университетіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға сапары барысында Қазақ ұлттық өнер университетіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы Америка елшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Блинкен қазақ музыкасына қызығушылық танытқан. Оған қазақ халқының мәдениетінде маңызды рөл атқаратын дәстүрлі музыкалық аспаптар туралы айтып, олардың дыбысталуының ерекшеліктерін көрсетті.

"АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға сапары барысында мәдениет, өнер саласында және қазақ өнерінің дәстүрлі түрлерін жаңғыртуда дарынды мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған Қазақ ұлттық өнер университетінде болды", - делінген сейсенбі күні тараған ақпаратта.

Мемлекеттік хатшыны Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, халық әртісі, профессор Айман Мұсаходжаева қарсы алып, қазақ музыкасына ықылас танытып, тығыз жұмыс кестесінде уақыт тауып, университетке келгені үшін алғысын білдірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети