Білім саласындағы 1 миллиард теңгеге жуық залал: 43 шенеунік сотқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім саласындағы 1 миллиард теңгеге жуық залал: 43 шенеунік сотқа тартылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Білім саласындағы бюджет қаржысын жымқырумен байланысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 миллиард теңгеге жуық залал қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім саласындағы бюджет қаржысын жымқырумен байланысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 миллиард теңгеге жуық залал қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

"Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғалары мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 миллиард теңгеден астам) жымқыру дерегі туралы істі сотқа жолдады", - делінген хабарламада.

Жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған.

"Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 миллион теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 миллион теңге болатын мүліктеріне тыйым салынғаны айтылды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети