Белгілі YouTube-блогер Тәңірберген Бердоңғар жаңа видеосында БТА Банкінің экс-басшысы Мұхтар Әблязовтің бұрынғы резиденциясын көрсетті. Видео нысанның ішінде түсірілген, ал сырты дроннан түсіріліпті. Зәулім кешен Алматының жоғарғы жағында, Бутаковка маңында орналасқан. Биік қоршау қойылған үш гектар жерде жеке үй, қонақтарға арналған үй, шаруа құрылыстары бар.

Зәулім баспана мәрмәрмен және өзге де бағалы материалдармен көмкерілген.
"Сөйтсек, бұл әкім Храпуновтың резиденциясы болыпты. Кейін мемлекеттік мүлікті ол әйелінің атына жаздырып алыпты. Әблязов пен Храпунов туыс болғандықтан - ол оған арзанға сатып жіберген", - дейді Бердоңғар.
Сондай-ақ, блогер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ғимаратында болған. Мұнда ол Әблязовтің қылмыстық ісі бойынша үш мың том материалды көреді.
© youtube/ТАНИРБЕРГЕН
2017 жылдың маусымында Алматы соты Мұхтар Әблязовті қылмыстық ұйым құрып, БТА Банкінің қаражатын ұрлады деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айырған еді. Әблязовтің өзі көп жылдан бері шетелде жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық-бюросының мәліметінше, экс-банкир мемлекетке 7,5 миллиард доллар шығын келтірген.