Блогер Қайсар Қамза қандай күдікке ілінген? ҚМА түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогер Қайсар Қамза қандай күдікке ілінген? ҚМА түсіндірді Фото: instagram.com/@qais_arr

Блогер Қайсар Қамза халықаралық іздеуге жарияланды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогер Қайсар Қамза халықаралық іздеуге жарияланды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

ҚМА Қазақстан азаматы 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған, Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жариялады.

Ведомство мәліметінше, блогерге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр.

Құмар ойындар жарнамасы және табыс

Күдікті 5 жыл бойы Instagram әлеуметтік желісінде, "qais_arr" атауымен (2,4 миллион жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ Telegram-дағы "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.

Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Pinco" сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.

"Осылайша, Қамза Қ.Б. азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған. Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған "Pinco" интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған", - делінген хабараламада.

Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынған.

"Егер Сізге іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:
+7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім", - делінген ҚМА хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.4  course up  594.29  course up  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети