Блогер Мұрат Әбділда қайта темір торға қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогер Мұрат Әбділда қайта темір торға қамалды видео кадры

Түркістан соты танымал блогер әрі әнші Мұрат Әбділдаға қатысты жазаны қатаңдатты. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылып, қалған мерзімі - екі жыл 11 күн - нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан соты танымал блогер әрі әнші Мұрат Әбділдаға қатысты жазаны қатаңдатты. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылып, қалған мерзімі - екі жыл 11 күн - нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласының ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен 2022 жылы сотты болған Ә.-ге қатысты ұсыным қаралды.

Ұсыным мәні

Ұсынымда Сауран аудандық полиция бөлімі Ә.-нің мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойып, жазаның қалған өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыруды сұраған.

"Сотталған Ә. 2024 жылы соттың қаулысы негізінде ҚК-нің 72-бабына сай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген 2 жыл 11 күнін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, Түркістан облысының Полиция департаметінің Сауран аудандық полиция бөліміне профилактикалық есепке алынған.

Профилиактикалық есепте тұрғанына қарамастан, А. 2024 жылы ортақ пайдалану орнын ластағаны үшін ӘҚБтК 434-2 бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған айыппұл салынған. Сонымен қатар, 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында 5 рет тіркелуге келмегені және 4 рет түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болмағаны анықталған", - делінген хабарламада.

Дәлелдеме

Мұрат Әбділданың кінәсі туыстарының берген түсініктемелері, тиісті актілер және куәлердің жауаптарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысы

Түркістан облысының Полиция департаментінің Сауран аудандық полиция басқармасының ұсынымы қанағаттандырылып. Мұрат Әбділданың мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылып, жазаның қалған өтелмеген бөлігі 2 жыл 11 күнін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды.

Мұрат Әбділда сот залынан қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети