Блогерлер Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейтінін видеоға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогерлер Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейтінін видеоға түсірді

Елордада блогерлер жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейтінін видеоға түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада блогерлер жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейтінін видеоға түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

YouTUBETEiKA жобасының авторлары Темірлан Тіленбаев пен Эльмира Тіленбаеваның айтуынша, олар ата-анасына жедел жәрдем шақырған. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырып алған-мыс. 

Темірлан Тіленбаев жедел жәрдем қызметі 15 минутта келгенін атап өтті. Медицина қызметкерлері қорғаныш киімдерін киіп келіп, тиісті жұмысты жүргізген.

"Видеода біздің ата-анамыз Сафабек Айтмағанбетович пен Ғалия Абдулаевна. Осыған дейін біз 103 қызметіне хабарласқан едік. Анамды №4 поликлиникаға жіберді. Онда анам өткен аптаның жұмасында болды. Ол рентгенге түсті. Пневмониясы болуы мүмкін екені анықталды. Дәрі беріп, екпе салған соң, үйге жіберілді. Бірақ бүгін олардың жағдайы нашарлап кетті", - деп жазды блогерлер.

Темірлан Тіленбаев пен Эльмира Тіленбаева қайта жедел жәрдем қызметін шақырғанын айтады. 

"Жедел жәрдем қызметі ата-анамызды ауруханаға алып кетті. Пневмониясы болуы мүмкін деген күдік болды. Коронавирус жұқтырған деген қауіп те болды. Кейін олар рентгенге түсті. Әкемді үйге жіберді, анам теміржол ауруханасына жатқызылды", - дейді олар.

Олар анасында коронавирус инфекциясы бар-жоғы әлі белгісіз екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақсанда коронавирус жұқтырғандар саны 18 231-ге жетті. 11 158 науқас жазылды, 127 адам қайтыс болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети