30 маусым 2021 11:08

Блогерлерге байланысты қаржы ұйымдарын жарнамалау ережесін өзгерту ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура Қазақстандағы қаржы ұйымдарын жеке тұлғалардың жарнамалауына тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура Қазақстандағы қаржы ұйымдарын жеке тұлғалардың жарнамалауына тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көпшілікті тарту мақсатында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өз қызметін медиа тұлғалар (блогерлер, вайнерлер және әртістер) көмегімен жарнамалайды. Осыған байланысты алаяқтықтар мен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс шеңберінде қаржы ұйымдары қызметін жеке тұлғалардың жарнамалауына тыйым салудың орындылығы туралы мәселе зерделеніп жатыр", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілі.

Келісілген ұстанымды әзірлеу үшін Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдарға - Ұлттық Банкке, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, ІІМ Әділет министрлігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына сауал жіберген.

"Жауап келгеннен кейін және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұстанымдарын зерделегеннен кейін қаралып отырған мәселе бойынша түпкілікті ұсыныстарды бастама ету туралы мәселе шешілетін болады", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети