Блокбекетте полицейлерді өлтірген адам қылмысқа қасақана барған болуы мүмкін - адвокат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блокбекетте полицейлерді өлтірген адам қылмысқа қасақана барған болуы мүмкін - адвокат

Адвокат Жангелді Сүлейменов Алматы іргесіндегі блокбекеттердің біріндегі жол апаты қасақана жасалған болуы мүмкін деп мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адвокат Жангелді Сүлейменов Алматы іргесіндегі блокбекеттердің біріндегі жол апаты қасақана жасалған болуы мүмкін деп мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Осыған дейін жантүршігерлік жол көлік апатын жасаған адам құқық қорғау саласында қызмет еткені анықталған. Мұны жергілікті полиция растады. Тек жуырда ғана қызметіне немқұрайды қарағаны үшін жұмыстан босатылғанын жеткізді. Алайда марқұмдардың бірінің туыстары бұл ақпаратпен келіспейтінін, күдіктінің құқық қорғау органдарында әлі де жұмыс істеп келгенін хабарлаған.

"Менің ойымша, тергеу жұмыстарында бір шикілік бар. Қылмыстық кодекстің 99-бабында, қылмыс белгілі бір мақсатпен жасалуы мүмкін екені қарастырылған. Яғни, күдікті ішімдік ішіп көлікке отырды, өзі соғылған патрульдік көлікте адамдар отырғанын білді деп ойлаймын. Демек, ол қылмысты әдейі жасауы мүмкін немесе істеп жүрген ісіне есеп бермеді", - дейді Жангелді Сүлейменов.

Айта кетейік, "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Еске салайық, кеше Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети