27 мамыр 2020 17:21

Блокбекеттегі апат: BMW жүргізушісі екі айға қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда блокбекетте екі полицейді қағып өлтірген BMW жүргізушісі екі айға қамалды. Бұл туралы Алматы облысы Қарасай аудандық сотының отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда блокбекетте екі полицейді қағып өлтірген BMW жүргізушісі екі айға қамалды. Бұл туралы Алматы облысы Қарасай аудандық сотының отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот күдікті Азат Азаматовқа қатысты қамауға алу туралы санкция шығарды.

"Тергеушінің арызы толық қанағаттандырылды. Қарасай аудандық сотының шешіміне сәйкес, уақытша жұмыссыз жүрген Азат Азаматовты екі айға дейін қамауға алу туралы шара қабылданды", - деді судя.

Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. 

Қайғылы оқиғадан кейін үш шенді қызметінен кетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети