20 қазан 2016 | 13:51

Б.Майлыбаев: Қазақстан 25 жылда жаңа ұлттық экономиканы құрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazgazeta.kz © kazgazeta.kz

Қазақстан Президенттің төрағалығымен жаңа ұлттық экономиканы құрды, деді ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Бағлан Майлыбаев, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенттің төрағалығымен жаңа ұлттық экономиканы құрды, деді ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Бағлан Майлыбаев, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ширек ғасырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан жетістікке жетер жолда ауыр жол кешіп өтті. Қазақстан халықты  бірыңғай платформада біріктіретін  дұрыс жолды тапты. Бұл - бірлік, тұрақтылық. Президент атап өткендей, "Қазақстан-2050" Стратегиясы  жолында бұл басты бағыт. Президенттің саясаты  барлығына түсінікті әрі негізгі адамзаттық сұранысқа жауап береді: отбасындағы жайлылық, балалардың білімі мен денсаулық, баспана, қауіпсіздік пен перспектива", - деді Б.Майлыбаев саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың форумында.

Ол айтып өткендей, Қазақстан Президенттің төрағалығымен жаһандық сауда-экономикалық байланыстың бөлігі ретінде жаңа ұлттық экономиканы құрды.

Қазақстанның өзге елдермен серіктестігінің факторы - бейбітшілік пен тұрақтылық, деді ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Бағлан Майлыбаев.

"Қазақстанда үш жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан экономикалық өсім екі онжылдық бойы жалғасып келеді. Біздің ел барлығын басынан бастап, осы жылдар ішінде миллиардтаған инвестицияны елге тарта білді. Бұл біздің елге деген әлемнің сенімін арттырады", - деді Б.Майлыбаев.

"Ширек ғасыр бұрын Қазақстанда  бұрынғы одақта сияқты барлығы мемлекетке тиесілі болды, бүгінде елде гүлденіп жатқан кәсіпорындар, кәсіпкерлер бар, шағын және орта бизнес дамып жатыр. Қазақстандық ұлттық компаниялар, ірі бизнес пен банктерді барлық әлем таниды. Елде индустриялды - инновациялық бағдарлама дамып жатыр, жылына екі рет Елбасы индустрияландыру күнін өткізеді. Бұл барлық бағыттар бойынша экономикалық дамудың нәтижесін көру", - деді Б.Майлыбаев Астанадағы "Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздікке 25 жыл. Нәтижелер мен перспективалар" атты саясаттанушылардың xалықаралық форумы барысында.

Сондай-ақ, ол өзге елдермен орнатылған достастық қарым-қатынасты  атап өтті.

"Қазақстан достастық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті ірі державалар мен жетекші елдермен орнатты. Қазақстандық жерде бірқатар тарихи самиттер өтті", - деді Б.Майлыбаев.

Б.Майлыбаевтың айтуынша, Қазақстан Президентінің салиқалы саясаты ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық  ұлан және полицияның  басқару жүйесін жақсы қалыптастырды.

Сондай-ақ, елдің әлеуметтік саласын дамыту Қазақстанның дамыған елдердің қатарына енуіне әсер етеді. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Б.Майлыбаев Астанадағы "Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздікке 25 жыл. Нәтижелер мен перспективалар" атты саясаттанушылардың xалықаралық форумы барысында.

"Біздің ел үшін мақтануға тұрарлық факторлардың бірі - елорда, күн сайын өсіп келе жатқан жаңа қала ел өңірлері мен шет елдерден қонақтарды қабылдап отыр. Бүгінде ел ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындалып жатыр. Оңтайлы нәтижелер әрбір облыста байқалып отыр", - деді Б.Майлыбаев.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік саладағы түбегейлі өзгерістер туралы айтып өтті.

"Тәуелсіздіктің 25 жылында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласында бірқатар өзгерістер орын алды. Білім берудің сапасын арттырған қозғаушы күш "Болашақ" бағдарламасы, Назарбаев университеті мен елдегі зияткерлік мектептердің ашылуы  болды. Соңғы  15 жылда елде  мыңдаған аурухана мен 100 мектеп, 4 мың балабақша ашылды", - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, Елбасының "Жалпыға бірдей еңбе қоғамы" идеясы Қазақстанның әлеуметтік дамуының негізіне айналды, ол  дамыған елдердің қатарына енуге септігін тигізеді", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети