15 мамыр 2020 | 09:28

Боди-массаж салонында видеоға түсіп қалған полицей: оқиғаның мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда боди-массаж салонында жүрген полицей салон қызметкерлерінің үстінен арыз қалдырды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда боди-массаж салонында жүрген полицей салон қызметкерлерінің үстінен арыз қалдырды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, осыған дейін полицейдің боди-массажда жүрген видеосы тараған еді. Видео кадрларынан полицейдің қызметтік куәлігін көруге болады. Осыдан соң оған тіпті зорлық жасады деген айып тағылған болатын. Ал таяуда ол салон карантин ережесін бұзғаны үшін жабылған еді.

Енді экс-полицейдің айтуынша, біреулер оған жамандық жасамақшы. Сондықтан адвокат жалдадым дейді. Адвокаттың айтуынша, ер адам салонға келгенде онда интим массаж жасалатынын білген, сол кезде ол қызметтен бас тартып, ақшаны қайтаруын сұраған.

Бұдан бөлек, салондағылар ол жаққа тексеріс келіп қалған жағдайда видеоға түсіп қалған полицейге видеоны көрсетеміз деп қорқытқан екен.

Адвокаттың айтуынша, бұл салон карантин ережесін бұзғаны үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Телеарнадағылардың мәліметінше, экс-полицей массаж жасайтындардың үстінен арыз түсірген, қазір тағы бір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Салон қызметкерлерінің кінәсі дәлелденсе, олар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети