“Богатырь көмірдегі“ қылмыстық схема: 123 миллион теңге залал келген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Богатырь көмірдегі“ қылмыстық схема: 123 миллион теңге залал келген видео кадры

Павлодар облысында "Богатырь көмір" ЖШС-ның қаржысын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында "Богатырь көмір" ЖШС-ның қаржысын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірқатар коммерциялық компания басшылары бұрын пайдаланылған қосалқы бөлшектерді кәсіпорынға жаңа өнім ретінде жеткізу схемасын ұйымдастырған.

"Схеманы іске асыру үшін "Богатырь көмір" ЖШС-ның тауар мен материалдарды қабылдауға жауапты қызметкері тартылған. Ол талаптарға сәйкес келмейтін бөлшектерді еш кедергісіз қабылдаған. Екі жыл бойы жалған сертификаттар бойынша реакторлар, цилиндр блоктары, автотіркемелер және тежегіш жүйелерінің бөлшектері жаңа өнім ретінде жеткізіліп отырған", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша "Богатырь көмір" ЖШС-ға 123 млн теңге көлемінде залал келген. Қылмыстық жолмен келген қаражат ЖШС мен жеке кәсіпкерлер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Тінту барысында күдіктілерден 27 млн теңге көлемінде қолма-қол ақша тәркіленді. Сот санкциясымен күдіктілердің 6 көлігіне, соның ішінде Cadillac Escalade, Range Rover, Toyota Land Cruiser 250 көліктеріне тыйым салынды.

Үш күдікті қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети