Бөгетті бұзып, бассейн қазған: Алматы облысының тұрғындары белгісіз құрылысқа шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бөгетті бұзып, бассейн қазған: Алматы облысының тұрғындары белгісіз құрылысқа шағымданды

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының тұрғыны Қаскелең өзені бөгетінің маңындағы құрылыс туралы айтқан видео тарады. Ол нысаннан тақтатастар алынып, жеке үй салуға пайдаланып жатқанын мәлімдеді. Әкімдік заңсыз құрылысқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Видеода әйел мұндай әрекеттер бөгетті қиратып, табиғатқа зиян тигізуі мүмкін екенін айтып, биліктен шұғыл араласуды сұрайды.

"Қараңыздар, не болып жатыр: бөгеттен тақтатастарды алып, үй салып жатыр. Шұғыл көмек керек! Егер адамдар бөгеттен тастарды ұрлай берсе, бұл бөгетке не болады?" – дейді әйел видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сауле Кужаевна Бикитеева (@pro100saule)

Алматы облысы әкімдігінің пікірі

Алматы облысының әкімдігі шұғыл шара қабылдап, 20 қыркүйекте оқиға орнына комиссия жібергенін хабарлады. Тексеру нәтижесінде аталған аумақта тұрғын өз бетінше "шаруашылық нысаны мен бассейн" сала бастағаны анықталды.

Әкімдік дерегінше, ол барлық әрекетті рұқсат құжаттарын алмай жасаған. Тексеруден кейін ер адам архитектуралық-рұқсат құжаттарын алуға тырысқан, алайда әкімдік оның өтінішінен бас тартқан.

Комиссия нысан иесін құрылысты 12 қазанға дейін бұзуға және бөгеттен алынған темірбетон блоктарын бұрынғы орнына қайтаруға міндеттеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети