Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Алматыдағы су басу жағдайларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Алматыдағы су басу жағдайларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мұнда таңғалатын ештеңе жоқ. Сіздер біздің халықтың бір ерекшілігін білесіздер ғой - олар табиғатқа еш назар аудармайды. Тау бөктерлерінде үйлерді салып тастады, судың жоғары жақтан ағатынын, яғни, судың таулы аймақтардан келіп төменге қарай құйылатынын ұмытып кетеді. Соңғы су басу жағдайлары бір-бірімен байланысты. Биыл Алматыдағы тау бөктерлеріне біраз қар түсті. Сосын жаңбыр жауды, ол еріп, көшелерді су басты", - деді Владимир Божко.
Оның айтуынша, тұрғындар арық жүйесіне кішкене жауапкершілікпен қараған жағдайда осындай су басу жағдайлары болмас еді.
Еске сала кетейік, биыл Алматыда бірнеше ауданның су астында қалғаны хабарлаған еді. "Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай және Жамбыл аудандарында, сонымен қатар, Талдықорғанда айтарлықтай көп ауланы су басып қалған. Құрамында 17 адам бар жедел топ осы аймақтарға аттанды, олар су басу салдарын жою жұмыстарымен айналысады.2018 жылдың 25 ақпанынан бастап Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бүкіл гарнизоны қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшті", - деп хабарлаған еді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.