Боксшы Жанқош Тұраров сот орындаушысын қорқытып-үркіткен

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы Алматыда сот орындаушысын ұрған адам боксшы Жанқош Тұраровты шақырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы Алматыда сот орындаушысын ұрған адам боксшы Жанқош Тұраровты шақырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеке сот орындаушылар палатасының мәліметінше, сот орындаушысы А.А. Ермековке шабуыл Алматының Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде орын алған. Шабуылдаушы сот орындаушысын буындырып, ғимаратты бұзуды тоқтатуды талап еткен, кейін қабырғасы мен өкпе тұсынан ұрған.

"Соққы полиция қызметкерлерінің көзінше болған. Жедел жәрдем дәрігері соққының денсаулыққа орташа дәрежеде қиян келтіргенін айтты. Оқиға кезінде полиция қызметкерлері қашып кетіп, оқиға орнында болмаған. Сот орындаушысы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазып, таяқ жегеннен кейін көшеге жүгіріп шыққан учаскелік полицияға берді. Полиция қызметкерлері бұл жағдайда үнсіз қалған, қылмыскерді ұстамаған. Сот орындаушысының М.Н. Ысқақовты ұстау туралы өтінішіне полиция қызметкерлері әрекет етпеген.

М.Н.Ысқақовқа қатысты оқиға кезінде сот орындаушысына және басқа да адамдарға қысым жасау мақсатында боксшы Тұраров Жанқош Жасұланұлы оқиға орнына шақырылған. Оқиға орнына келгеннен кейін сот орындаушысынан М.Н. Ысқақовқа қатысты полиция арызын алуды талап еткен",- делінген жеке сот орындаушылар палатасы сайтында.

Сондай-ақ, Жанқош Тұраров  бұл әрекетті заңсыздық деп санап, осы жайт үшін қорқытқан.

"Содан кейін Ысқақов М.Н. мен Тұраров Ж.Ж. А.А. Ермековке қарсы физикалық соққы көрсетіп, қорқыта бастаған. Тікелей қысым көрсетіліп, сот актісінің талаптарын орындаудан бас тартқызуға мәжбүрлеген", - делінген жауапта.

Сот орындаушысы қызметін орындай алмаған. Сот орындаушысына жасалған шабуыл видеоға түсірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer