Павлодар облысында әрбір екінші сөзін боқтап сөйлейтін баланың ата-анасын іздестіруге әкімдер де тартылатын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.
Павлодарлық полицейлер жергілікті биліктен үш жасар боқтағыш нәрестені іздестіру шарасына қала және аудан әкімдерін де араластыруын сұрап отыр. "Полиция қызметкерлері Павлодарда тұратын жағдайы төмен барлық отбасын аралап қайтты, одан бөлек қаладағы барлық аулалар мен ойын алаңдары да тексерілді. Дәл қазіргі уақытта әлгі бала мен оның ата-аналарын іздестіру шарасы жалғасуда. Алдын ала болжам бойынша, бұл бала облыс орталығында тұрмауы да мүмкін. Сол себепті полицейлер Павлодар облыстық әкімдігіне арнайы хат жолдап, іздестіру шарасына қалалар мен аудан әкімдерін, басқа да мемлекеттік органдардан боқтағыш нәресте мен оның ата-анасын табуға араластыруды сұрады", - деп хабарлайды Павлодар прокуратурасынан.
Ведомство сондай-ақ, қалалық білім басқармасынан әлгі нәрестенің қаладағы мектепке дейінгі ешбір мекемеде тіркеуде тұрмағанын білген. Педагогтар баланың Екібастұз немесе Ақсуда тұруы мүмкін екенін айтып отыр.
Еске саламыз, боқтап сөйлейтін баланы түсіріп алған бейнекөрініс YouTube порталына осы жылғы шілденің 21-і күні ілінген болатын. Ол бейнероликтен ол баланың жасы шамамен үште екені байқалады. Ол бейнероликте автомобилистер қоғамының екі ересек өкілімен сөйлескенде әрбір екінші сөзін боқтап сөйлеген.
Белсенді қоғам өкілдері бейнероликте айтылған сөздерге өздерінің еш қатысы жоқ екенін, алайда мұндай мәселеде үндемей қалу мүмкін емес екенін айтқан. Белгілісі ол баланың есімі Әлішер. Қоғам өкілдері Павлодар облыстық прокуратурасы дереу әрекет етіп, ауызы былапыш сөзге толы баланың ата-анасын жауапқа тартатынына сенім артты. Кейінірек белгілі болғанындай Павлодар қаласының прокуроры Нүркен Жанахметов әлгі баланы полицейлермен қатар білім беру саласының қызметкерлері де тартылған. Оның сөзіне қарағанда, баланың ата-анасы немесе асыраушысы табылатын болса олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.