Қазақстанда талантты жастардың пулы құрылады. Оған үздік оқитындар, "болашақтықтар" мен перспективалы мемлекеттік қызметкерлер кіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжановқа сілтеме жасап.
Қазақстанда талантты жастардың пулы құрылады. Оған үздік оқитындар, "болашақтықтар" мен перспективалы мемлекеттік қызметкерлер кіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжановқа сілтеме жасап.
"Біз құрылымдық бөлімше басшыларының ұсынысымен немесе ішкі емтихандар мен сұхбат жүргізу арқылы үздік оқитындардан, ғылыми және шығармашылық байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздарынан, "Болашақ" бағдарламасының стипендианттарынан және мемлекеттік қызметкерлерден құралған болашағынан үміт күттіретін талантты жастардың пулын қалыптастыру бойынша жұмыс бастауды жоспарлап отырмыз", - деді ол "Қазақстан мемлекеттік қызметінің моделі: тәжірибе және келешек" атты семинарда сөйлеген сөзінде.
Ахметжановтың айтуынша, жастар пулда арнайы бағдарламамен оқытылып, кәсіби сынақтан өтуге жіберіліп отырады. Оларға тәлімгер ретінде тәжірибелі басқарушылар бекітіледі. "Талантты жастардың пулына есепке алуға ынталандырудың бірі басқарушы қызметіне орналасу кезінде басымдық беру құқығына иелену бола алады", - деді ол.
"Біз таланттардың басқаруымен тығыз байланысты мансаптық жоспарлаудың жаңа тетіктерін игерумен айналысып жатырмыз. Мансаптық жоспарлау әдістемесінің құзіретіне жұмыстың нәтижесін және мемлекеттік қызметкерлердің жеке әрі кәсіптік әлеуетін бағалау ұсынылып отыр", - деді ол.
Ахметжанов мемлекеттік қызмет сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында агенттіктің жұмыс тәжірибесі бойынша төменмен бастап әр сатыға міндетті талап құруды ұсынғанын хабарлады. "Бұл тәсіл қызметкердің жұмыстың барлық бағытын толық зерттеп, бір орыннан екіншісіне секіре бермеуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, агенттік төрағасының орынбасары мемлекеттік қызметке тәжірибелі шетелдік менеджерлерді тарту тәртібінің жасалып жатқаны туралы айтты. "Іріктеу кезінде кандидаттардың функционалдық міндеттерін тиімді атқауына қажетті икемдерінің бар-жоғына назар аударылатын болады. Біздің ойымызша бұл меритократия мен мемлекеттік қызметті нығайтудың қағидатын толықтай сақтауға мүмкіндік береді", - деді ол.
"Біздің ойымызша, қызметкерлерді бағалау оның қызмет нәтижесімен және мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерімен тығыз байланысты болуы тиіс. Басқаша айтқанда, олар ынтымақтастықпен жауапты болуы керек", - деді Ахметжанов.