01 мамыр 2021 09:55

"Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын шетелдік жоғары оқу орындар тізімі бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: newsmir.info Иллюстрациялық фото: newsmir.info

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын 207 ЖОО тізімін бекітті. Университет, колледж және тіл орталықтарының тізімі халықаралық стипендияны іске асырудың кейбір шаралары туралы бұйрықта келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын 207 ЖОО тізімін бекітті. Университет, колледж және тіл орталықтарының тізімі халықаралық стипендияны іске асырудың кейбір шаралары туралы бұйрықта келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толық тізімді мына жерден көруге болады. Оның құрамына Оксфорд, Кембридж, Гарвард, Джонс Хопкинс Университеті, Вена университеті, Гейдельберг университеті сияқты оқу орындары бар.

Құжатқа сәйкес, оқу орындары мына өлшемшартқа сәйкес келген жағдайда тізімге енген: оқу орны үш халықаралық академиялық рейтингіде және екі және одан да көп алғашқы 250 позицияның: Квакарелли Саймондс (QS World University Rankings) әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі, әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities), Таймс басылымының дерегі бойынша әлемдегі үздік университеттер рейтингісінің (Times Higher Education World University Rankings) соңғы жарияланымдарына сәйкес қатарына кіреді.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы конкурсына қатысу үшін үміткерлер 2021 жылдың 4 мамырынан бастап 28 қазанға дейін құжаттарын өткізу керек. Байқау 2021 жылдың 1 маусымынан 30 қарашасына дейін жалғасады.

Бағдарлама бойынша білім алу үшін ұқсас мамандықтар да бекітілді. Олармен де бұйрық мәтінінде танысуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети