"Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау: мемхатшы Қарин кеңес өткізді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау: мемхатшы Қарин кеңес өткізді Фото:akorda.kz

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін техникалық мамандыққа басымдық беріледі. Аталған бағытта білім алатын стипендиаттардың қатары көбейіп, жоғары оқу орындарының саны артады. 

Сонымен қатар, 2022 жылы инженерлік-техникалық, медицина, мәдениет, туризм және спорт, бұқаралық ақпарат құралдарының, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар, орта білім, техникалық және кәсіптік бағдар беру ұйымдарының мұғалімдері тағылымдамадан өтетін болды.

Кездесу қорытындысы бойынша Ерлан Қарин "Болашақ" бағдарламасын одан ары жетілдіру және оны жүзеге асыру тетіктерінің тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети