“Болашақ“ бағдарламасына өзгерістер енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Болашақ“ бағдарламасына өзгерістер енгізілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

"Болашақ" халықаралық стипендиясында 30 жылда алғаш рет жас шектеуіне байланыс өзгеріс енгізілді. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өкілдері не өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Болашақ" халықаралық стипендиясында 30 жылда алғаш рет жас шектеуіне байланыс өзгеріс енгізілді. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өкілдері не өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамаға қатысуда жасқа шектеу қойылмаған еді, тіпті зейнет жасына толған адамдар да қатыса алатын еді. Алайда ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес жағдай өзгерді.

"Енді жас шектеуі белгіленді: ерлер 59 жастан, әйелдер 57 жастан үлкен болмауы керек. Бұйрық бекітіліп, күшіне енді", - деді Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілі.

"Болашақ" - Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық білім беру стипендиясы. Ол 1993 жылы 5 қарашада ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында құрылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети