"Болашақ" өкілдері "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ экс-президенті Саясат Нұрбектің мемлекеттік секторда және жеке компанияларда жұмыс істейтін бағдарлама түлектерінің саны бойынша келтірген мәліметтерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Утечка мозгов в контексте будущей казахстанской экономики" тақырыбын талқылау барысында саясаттанушы "Болашақпен" оқыған түлектердің 60 пайызы шетелдік компанияларда жұмыс істейтінін, ал мемлекеттік қызметте жүргендердің үлесі аз екенін мәлімдеген.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ мәліметінше, 2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша бағдарлама түлектерінің 87,7 пайызы мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істеп жатыр, жеке секторда - 30,7 пайыз, халықаралық ұйымдарда - 8,7 пайыз, ұлттық компанияларда - 1,6 пайыз. Мемлекеттік қызметте 800-ден аса түлек қызмет етіп жатыр екен.