28 желтоқсан 2022 16:19

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

178 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Республикалық комиссия шешімімен биылғы жылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат "Тағылымдама" бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

"Болашақ" стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымдамадан өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және т.б. елдердің жоғары оқу орындарында білім алады.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.

2022 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін мына сілтемеден көре аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети