Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Шоу-бизнес

Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясын алды 28 желтоқсан 2022, 16:26

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның есімі "Болашақ" стипендиясының иегерлері тізімінде көрсетілген.

Қазақстандық танымал әнші қай университетке түскені әзірге белгісіз.

Еске салайық, 2022 жылдың үшінші легінде шәкіртақы 178 қазақстандыққа берілген. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат "Тағылымдама" бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram