“Болашақ“бағдарламасына өзгерістер енгізілмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Болашақ“бағдарламасына өзгерістер енгізілмек Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бүгін Сенат депутаттары "Мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Сенат депутаттары "Мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа түзетулерге сәйкес, "Болашақ" бағдарламасына қатысу ережелеріне жаңа өзгерістер енгізіледеді.

"Қазіргі уақытта бакалавриатты қайтару туралы шешім қабылданды (яғни "Болашақ" бағдарламасына - еск.), бұл бакалавриат деңгейінде тек олимпиадаларда жеңіске жеткен балаларды қолдау үшін жасалып отыр", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Шетелде оқу мүмкіндігі олимпиада пәніне сәйкес келетін мамандық бойынша беріледі.

"Дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау және олардың ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында ғылыми жобалар бойынша халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне конкурссыз мемлекеттік білім беру гранттарын ұсыну нормасы қарастырылып отыр", - деді Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети