Болашақтағы кино: Астанадағы AI-фестивальға әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген өтінім түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болашақтағы кино: Астанадағы AI-фестивальға әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген өтінім түсті

Жасанды интеллект көмегімен жасалған Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) халықаралық кинофестиваліне өтінім қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жасанды интеллект көмегімен жасалған Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) халықаралық кинофестиваліне өтінім қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қатысушыларды тіркеудің аяқталуына 65 күн қалды. Өтінім қабылдау басталғаннан кейінгі 17 күн ішінде ұйымдастырушыларға әлемнің 50 елінен 300-ден астам жұмыс түсті. Бұл ретте өтінімдердің 86 пайызы шетелдік қатысушылардан жолданған.

Ең көп өтінім Қазақстан, Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея және Қытайдан түсті. Сондай-ақ қатысушылар арасында Ұлыбритания, Нидерланд, Италия, Индонезия, Испания, Мысыр, Үндістан, Аргентина, Украина, Түркия, Сингапур, Пәкістан, Мажарстан, Чили, Бразилия, Болгария, БАӘ, Германия, Жапония, Франция, Канада, Аустралия және басқа да көптеген ел бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қызығушылық AI-кино креативті индустриядағы жаңа әлемдік бағытқа, ал Қазақстан біртіндеп осы қозғалысты дамыту алаңдарының біріне айналып келе жатқанын айғақтайды.

"Жобаға қызығушылық Қазақстан шекарасынан әлдеқайда асып түскені қазірдің өзінде байқалады. Өтінімдер барлық дерлік континенттен түсіп жатыр, бұл жасанды интеллект тақырыбы мен киноның жаңа форматтары әртүрлі елден адамдарды біріктіретінін растайды", - деп атап өтті фестиваль ұйымдастырушылары.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрия өкілдерімен кездесуінде бұл шара креативті индустрияның дамуындағы іргелі өзгерістерді көрсететін әлемдік деңгейдегі алғашқы оқиға болатынын айтқан еді.

"Фестивалді ұйымдастыру Қазақстанды халықаралық аренадағы инновациялар мен жасампаз бастамалар орталықтарының бірі ретінде көрсету үшін өте маңызды", - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Astana AI Film Festival 2026 жылдың 28 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Астанада өтеді. Фестивальдің басты оқиғасы - жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын халықаралық қысқа метражды AI-фильмдер байқауы болмақ.

Негізгі байқау маусымның "The future worth living in" ("Өмір сүруге лайықты болашақ") тақырыбы аясында өтеді. Сондай-ақ бес номинация бойынша ашық секция қарастырылған: үздік режиссура, үздік көрнекі тіл, үздік оқиға, үздік тұжырымдама және үздік кейіпкер.

Astana AI Film Festival-ге өтінім қабылдау 2026 жылғы 15 тамызға дейін жалғасады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.33   566.72   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +22
Ақтау +25
Ақтөбе +20
Атырау +30
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +26
П
Павлодар +20
Петропавл +26
С
Семей +28
Т
Талдықорған +28
Тараз +32
Түркістан +24
О
Орал +24
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер