Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсерлерлерінің кезектен тыс конференциясында қауымдастықтың жаңа президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болат Мажағұлов Токиодағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, бразилиялық джиу-джитсуден көк белбеудің иегері.
"Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығы елімізде аталмыш спорт түрін дамыту мақсатында құрылды. Қауымдастық қызметі Қазақстанның ұлттық комитетімен танылып, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетімен аккредиттелген. Сонымен қатар, Қауымдастық Халықаралық джиу-джитсу федерациясының (JJIF) мүшесі болып табылады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сурет Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасынан алынды
Қауымдастық құрамына Қазақстанның 16 облысының және Астана мен Алматы қалаларының федерациялары кіреді. Он мыңнан аса спортшы, жаттықтырушы және спорттық төреші Қауымдастыққа мүше болып табылады. Джиу-джитсуден ұлттық құрама халықаралық аренада жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, сәтті өнер көрсетуде. Қазіргі кезде спортшылар Джакартадағы (Индонезия) Азия ойындарына дайындық үстінде.