Болат Назарбаев жансақтау бөлімінде жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Назарбаев жансақтау бөлімінде жатыр Болат Назарбаев. Фото saliqaly.kz

Алматының Орталық клиникалық ауруханасы Болат Назарбаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Орталық клиникалық ауруханасы Болат Назарбаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта науқас Орталық клиникалық аурухана АҚ жансақтау бөлімінде жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, науқастың жағдайына қатысты жеке ақпаратты туыстарының келісімінсіз жария етуге құқығымыз жоқ. Бұл мәселеге пікір беруге мүмкіндігіміз жоқ", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 4 қарашада бірқатар қазақстандық БАҚ Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр деп хабарлаған болатын. Жазбада Болат Назарбаевтың екінші рет инфарктпен ауруханаға түскені, оның жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети