Елбасының үндеуінен кейін Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоры өз қаражатынан Covid-19 вирусымен күресу үшін 150 миллион теңге бөлді.
Елбасының үндеуінен кейін Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоры өз қаражатынан Covid-19 вирусымен күресу үшін 150 миллион теңге бөлді.
"Елбасының үндеуі қоғамның әрбір мүшесіне әсер етті. Біз барлық күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді Елбасының халыққа жолдауында көрсеткен әрбір тармағына қол жеткізу үшін жұмсаймыз", - деді қоғамдық қор басшысы Қасым Қасабеков.
Айта кетейік, бұл қоғамдық қор қызметін 2016 жылдың сәуір айында бастаған. Қор жанында тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға арналған "Берекелі үй" арнайы пансионаты жұмыс істейді. Орталық 50 орынға есептелген. Мұнда тәрбиеленушілер бес рет тегін тамақпен, киім-кешекпен және оқу үшін кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етілген.
Қордың негізгі қызметі - Алматы қаласы бойынша аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қаржылай қолдау және азық-түлікпен ай сайын қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда 130-дан астам отбасы қордың қамқорлығында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!