Бөлтіріктерді қорлап өлтірген ер адамдарды полиция іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бөлтіріктерді қорлап өлтірген ер адамдарды полиция іздестіріп жатыр © Facebook.com

Ақтөбе облысы ІІД  бөлтіріктерді қорлап өлтірген ер адамдары іздестіріп жатыр. Бұл туралы редакцияның арнайы сұрағына жауап бере отырып ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат  департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы ІІД  бөлтіріктерді қорлап өлтірген ер адамдары іздестіріп жатыр. Бұл туралы редакцияның арнайы сұрағына жауап бере отырып ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат  департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе облысы ІІД бұл деректі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚК 316-бабы, 2-бөлімі - жануарларға олардың өлуiне немесе мертiгуiне әкеп соққан қатыгездiк жасау, егер бұл іс-әрекет бұзақылық ниетпен немесе садистік әдiстерді қолдана отырып адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қатыгездік бабы бойынша тіркеуге алды. Бұл іске бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 90 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы тағайындалған", - деді ІІМ өкілі.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір видеодағы адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, видео әлеуметтік желілерде 13 шілдеде жарияланған болатын. Кадрдан белгісіз үш ер адамның даладан табылған алты бөлтірікті қорлап өлтіргенін көруге болады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети