"Бомба және террорист" туралы хабар астаналықтардың есін шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бомба және террорист" туралы хабар астаналықтардың есін шығарды Видео кадры

16 қаңтар, сенбі күні кешке Нұр-Сұлтандағы "Тамыз" тұрғын үй кешенінің тұрғындарына пәтерлердің бірінде салынған бомба және "террорист ұсталғаны" туралы хабар тарады. Куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына оқиға орнынан видео жіберді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 қаңтар, сенбі күні кешке Нұр-Сұлтандағы "Тамыз" тұрғын үй кешенінің тұрғындарына пәтерлердің бірінде салынған бомба және "террорист ұсталғаны" туралы хабар тарады. Куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына оқиға орнынан видео жіберді. 

"Көрші үйде бомба салынған. Бәрін эвакуациялады. Бір террорист ұсталды, қалғанын таба алмай жатыр. Есік алды полицейлерге толы. Адам көп. Он жыл ішінде мұндай ешқашан болған емес", - дейді кадр сыртындағы дауыс. 

Артынша жарылғыш құрал туралы ақпарат тарағаннан кейін тұрғындар эвакуацияланғаны белгілі болды. Ақпарат жалған болып шыққан, бомба табылмады. Толығырақ түсініктеме кейінірек беріледі. 

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 22.03-те 102-ге тұрғын үйлердің бірінде бомба салынғаны туралы хабар түскен. Полиция қызметкерлері келіп, 60-қа жуық адамды эвакуациялаған, жарылғыш құрал табылмады. 

"Күдікті ұсталды. Куәландыру нәтижелері бойынша ол мас болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети