Боран және аяз - Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Боран және аяз - Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазгидромет Алматы мен Астанада 9-11 қаңтар аралығындағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Алматы мен Астанада 9-11 қаңтар аралығындағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

9 қаңтарда Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, түнде аздаған қар жауады. Бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 9-14, кейде екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -19...-21°C, күндіз -5...-7°C.

10 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -5...-7°C.

11 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -5...-7°C.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

9 қаңтарда Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -1...-3°C.

10-11 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз 0...-2°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети