Боран және көктайғақ: әкімдік Астана тұрғындарына үндеу жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Елорда әкімдігі қолайсыз ауа райының басталуына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елорда әкімдігі қолайсыз ауа райының басталуына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"7 қарашада таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2000-нан аса жол жұмысшысы мен 750-ге жуық арнайы техника шықты. Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Онда самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды. Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефон нөміріне хабарласыңыз".

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 7 қарашада Астанада қар, көктайғақ және боран болады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro