22 қыркүйек 2021 | 09:24

"Боран" Қазақстан мен Ресейге ақша әкелер еді" - журналист Алексей Пивоваров

Танымал ресейлік журналист, "Редакция" YouTube-каналының авторы, сондай-ақ "НТВ" арнасында көрсетілген көптеген авторлық бағдарлама мен деректі фильмдердің авторы Алексей Пивоваров жаңа бағдарламасын түсіру үшін Алматыға келді. Пивоваров біздің елімізде не қызықтырғанын Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал ресейлік журналист, "Редакция" YouTube-каналының авторы, сондай-ақ "НТВ" арнасында көрсетілген көптеген авторлық бағдарлама мен деректі фильмдердің авторы Алексей Пивоваров жаңа бағдарламасын түсіру үшін Алматыға келді. Пивоваров біздің елімізде не қызықтырғанын Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

TENGRINEWS: 

Бұл жолы біздің елге келуіңізге не себеп болды?

Реклама
Реклама

Алексей Пивоваров

Біз "Боран" туралы, оның тарихы мен қазіргі жағдайы туралы шығарылым түсіріп жатырмыз. Әрине, бұл жерде маңызды бөлігі - қазір "Боранның" басшысы кім, біз Дәурен Мұсамен келіскенбіз, сонымен бірге "Боранның" тарихын, оның қазіргі жағдайын және Байқоңырдағы жағдайды түсінуге көмектесетін басқа адамдарды түсіреміз. 


Алексей Пивоваров қазақстандық журналист Григорий Беденкодан сұхбат алып жатқан кезі

TENGRINEWS: 

Бұл тақырып сізді неге қызықтырды?

Алексей Пивоваров

Жалпы, Кеңес Одағының барлық қирандысы бізді әлі күнге дейін мазалайды, бұл - өте қызық тақырып. Біз БАМ (еск.: Байкал-Амур теміржол магистралі) туралы шығарылым жасадық және халық ұлы империяның мұрасына әлі де қызығатынын көрдік. "Боран" - қызық тақырып, оның ішінде маған да.

TENGRINEWS: 

Ал қазір "Боранға" қатысты ұстанымыңыз қандай?

Алексей Пивоваров

Белгілі бір дәрежеде "Боранға" қатысты бүкіл оқиға кеңес мұрасының жалпы күйін көрсетеді. Бір жағынан, бәрі мұны мақтан тұтады және оны біреуге беру туралы әңгіме шыққан кезде қатты қарсы болады. Екінші жағынан, оған ешкім инвестиция салғысы келмейді, салдарынан бұл мұра құлап, жарамсыз болады және кез келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Бұл әркім мақтанатын, бірақ оған ештеңе жасағысы келмейтін және басқаларға жасатпайтын жағдай. Жалпы, "Боранды" мұражайға айналдыруға болады, бұл бизнеске қомақты қаражат салу керек, ал оған әлемнің әр түкпірінен адамдар келеді, соған қарап, тамсанып, Ресей мен Қазақстанға ақша әкеледі. Сол кезде біз өз тарихымызды сақтап қалғанымыз үшін мақтана аламыз. Еуропадағы кез келген техника музейін қараңызшы. Бұл керемет кешендер, ал Ресейде, мысалы, Монинодағы авиациялық музейді алсақ, қазір инженерияның шыңы болған көрнекті ұшақтардың шіріген қаңқалары тұр.


Алексей Пивоваров репортажының түсірілімі

TENGRINEWS: 

Бұл үшін "Боранды" Ресейге тасымалдау керек пе, әлде оны Қазақстанда Байқоңырда қалдырған дұрыс па?

Алексей Пивоваров

Менің ойымша, оны осында қалдырып, тек осы жерде музей жасау керек. Бұл кешенге Ресейден, Қазақстаннан және әлемнің басқа елдерінен келген адамдар түсінікті және оңай жолмен жетуі керек және бұл туристерді қызықтыратын орын болады, адамдар оған міндетті түрде барады.

Айта кетейік, Байқоңырда сақталып қалған "Боран" ғарыш кемесі "Байқоңыр" зымыран-ғарыш компаниясы" АҚ-қа тиесілі. Былтыр қарашада Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин оған қызығушылық танытып, иесін іздей бастаған.

Кейін кеме иесі Дәурен Мұса Рогозинге жауап берді. Ол Роскосмостың ұсынысын қарастыруға дайын екенін айтты. Алайда кейінірек "Байқоңыр" РКК мен "Роскосмос" арасындағы "Боран" кемесінің макетіне қатысты келіссөздер жүргізілмегені белгілі болды. Оған "Байқоңыр" РКК мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арасындағы сот талқылаулары себеп болған.

Таяуда "Боран" иесі Ресейдің кемені қайтару туралы мәлімдемесіне қатысты пікірін айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная