08 қыркүйек 2021 14:26

"Боран" иесі Ресейдің кемені қайтару туралы мәлімдемесіне қатысты пікірін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

"Боран" ғарыш кемесінің қазақстандық иесі Ресейдің кемені және оның макетін қайтару туралы мәлімдемесіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Боран" ғарыш кемесінің қазақстандық иесі Ресейдің кемені және оның макетін қайтару туралы мәлімдемесіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында ресейлік "Молния" ғылыми-өндірістік бірлестігінің өкілдері Байқоңыр ғарыш айлағында болды. Олар "Боран" орбиталық кемесін және оның технологиялық макетін тексерген. Сондай-ақ, мамандар макет сақталатын орынның жай-күйімен танысқан.

"Боранды" және оның макетін бүлдірмей жылжыту мүмкіндігі талқыланды. Сапардың мақсаты - кемені Ресей аумағына тасымалдау мәселелерін шешу. Кездесу қорытындысы бойынша кеме мен макетті бөлшектеу, тасымалдау және кейіннен құрастыру "Боранның" авторлық бақылауымен орбиталық кемені жасаушы кәсіпорын ретінде жүргізілуі керек деп шешілді", - делінген ұйымның хабарламасында.

"Боранды" Байқоңыр ғарыш айлағынан тасымалдау және оны Ресей мұражайларының біріне орнату идеясы алғаш рет биыл қозғалды.

"Байқоңыр" акционерлік қоғамының басшысы Дәурен Мұса ғарыш кемесі мен оның макеті оған тиесілі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, онымен ешкім "Боранды" Ресейге тасымалдау туралы келіссөздер жүргізбеген. Сондай-ақ, ол макет Қазақстан меншігінде емес екенін айтты.

"Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанынан 60 жыл өткен соң да, халық ақшасымен қаржыландырылатын ресейлік өнеркәсіп ешқандай жетістігімен мақтана алмайды. Енді оларға 30 жыл бұрын лақтырылып тасталған макеттерді алу ғана қалды. Бірақ олар "Байқоңыр" Зымыран-ғарыш корпорациясы" акционерлік қоғамына тиесілі. Қазақстанның бірінші және екінші инстанцияларының соты "Боранды" мемлекетке қайтарудан бас тартты.

Иә, сот процестері бар, бірақ бұл тәуелсіз мемлекеттің ішкі істері. Бірақ Ресейге әлі заңды түрде берілмеген басқа елдің мүлкін экспорттау - бұл Саддамның алтын фортепианосын "құтқару" санатындағы нәрсе. Қазақстан билігі менімен үшінші жыл соттасып жатқанда, ресейліктер экспортты дайындап жатыр. Мұндай құлшыныс мақтауға тұрарлық", - деді "Боранның" қазіргі иесі.

Қазақстандық "Боран" мен оның макетін бұлай беріп қоймайтынын мәлімдеді. Ол өз кезегінде ресейліктер Қазақстанға басқа тарихи маңызы бар артефактіні қайтаруы тиіс екенін айтты.

"Оны кімнен және не үшін сатып алды және бұл төлем кімнің есебіне түсті? Олар "Энергия-Буран" бағдарламасы бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін мұражайға емес, "Молния" зертханасына апарғысы келе ме? Олар оны алғысы келеді, бірақ кім оны бергелі тұр? Демек, ресейліктер үшін қазақстандық сот шешімдері маңызды емес...

Егер оларға Қазақстан мен қазақстандық сот шешімі тоқтау болмаса, халықаралық соттардың күші жойылған жоқ деп ресми мәлімдегім келеді. Бұл заңсыздыққа қатысқандардың бәрі қылмыстың ауырлығына қарай лайықты жазасын алады", - деп қосты ол.

Байқоңыр ғарыш айлағында сақталған "Боран" ғарыш кемесінің макеті

Байқоңырда сақталып қалған "Боран" ғарыш кемесі "Байқоңыр" зымыран-ғарыш компаниясы" АҚ-қа тиесілі. Былтыр қарашада Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин оған қызығушылық танытып, иесін іздей бастаған.

Кейін кеме иесі Дәурен Мұса Рогозинге жауап берді. Ол Роскосмостың ұсынысын қарастыруға дайын екенін айтты. Алайда кейінірек "Байқоңыр" РКК мен "Роскосмос" арасындағы "Боран" кемесінің макетіне қатысты келіссөздер жүргізілмегені белгілі болды. Оған "Байқоңыр" РКК мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арасындағы сот талқылаулары себеп болған.

Биыл 12 ақпанында Алматыда сот Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты. Ведомство акционерлік қоғамды жоюды, оның мүлкін мемлекеттік меншікке қайтаруды және кәсіпорыннан шамамен 14,8 миллиард теңге өндіріп алуды талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети