Боранға байланысты Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Боранға байланысты Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарындағы көлік жолдарының кейбір учаскелерінде боранға және көру мүмкіндігінің нашарлауына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды.
"Павлодар облысында Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 205-259-шақырымында, Ақмола облысы шекарасы - Шідерті ауылы учаскесінде сағат 16.30-да көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.
Сонымен қатар, Ақмола және Павлодар облыстарындағы осы айтылған жолдың Ерейментау - Павлодар облысы шекарасы учаскесінің 156-205-шақырымында сағат 14.30-да көліктің барлық түріне шектеу қойылды.
Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты Қызылорда - Павлодар жолының Қарағанды - Павлодар облысының шекарасы учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Осыдан кейін Павлодар облысында да боран мен көру мүмкіндігінің нашарлығына байланысты Қарағанды облысы шекарасы - Шідерті ауылы учаскесінде қозғалыс шектелді.
Мұнымен қатар, "Казақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері 6 желтоқсанда Алматы облысында қойылған шектеудің сақталатынын айтады. Айта кетейік, бұл шектеу Үшарал - Достық тас жолының Көктұма - Достық станциялары учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған еді. Көлік жолдарына енгізілген шектеулер жайлы толығырақ мына жерден біле аласыздар.