29 қазан 2020 13:58

"Борат-2". Алматылықтар тағы да АҚШ-тың Бас консулдығының алдында жиналды

Алматылықтар жолдаған сурет

Қазақстандықтар АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының жанында акция өткізді. Олар "Борат" және "Борат-2" фильмдерін көрсетуге тыйым салуды талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының жанында акция өткізді. Олар "Борат" және "Борат-2" фильмдерін көрсетуге тыйым салуды талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас консулдық ғимаратына 20-ға жуық белсенді жиналды. Белсенділер әкелген плакаттарда "Америкада тұратындар қазақтарды қорлауды қойсын" деген сияқты жазбаларды көруге болады.

Реклама
Реклама

Жиналғандар "Борат" фильмінің кейіпкерінің бейнесін табытқа салып, АҚШ туымен жауып тастаған. Осылайша олар Боратты АҚШ-та жерлеуді талап етіп жатыр.


Куәгерлер жолдаған сурет

Еске салайық, мұның алдында 23 қазанда да АҚШ Бас консулдығы ғимаратының алдында наразы алматылықтар "Борат-2"фильмінің көрсетілімін тоқтатуды талап еткен болатын. Консулдыққа жиналған алматылықтар Саша Барон Коэннің жаңа фильмін нәсілшіл және дөрекі деп санайтындарын мәлімдеді. Сондықтан олар кинокартинаны көрсетуге тыйым салу үшін тұрғындардан қол жинаған. 

"Борат-2" фильміне қарсы петиция: АҚШ-тың Бас консулы алматылықтарға жауап берді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram