23 қазан 2020 17:06

"Борат-2" фильміне қарсы петиция: АҚШ-тың Бас консулы алматылықтарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

АҚШ-тың Алматы қаласында орналасқан Бас консулдығы азаматтардың "Борат-2" фильміне қарсы петициясына қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ-тың Алматы қаласында орналасқан Бас консулдығы азаматтардың "Борат-2" фильміне қарсы петициясына қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мекеме мәліметінше, 23 қазанда "Борат-2" фильміне қарсы бірнеше азаматтың атынан петиция түскен. 

"Америка Құрама Штаттарының билігі бұл фильмді түсіруді не прокатқа шығаруды қаржыландырмады. Өз ойын білдіру бостандығы мен бейбіт жиындар еркіндігі АҚШ Конституциясымен кепілдік берілген құқықтар АҚШ үшін де, Қазақстан үшін де негізгі құндылықтар болып саналады. Біз азаматтардың өз ойын еркін бейбіт түрде жеткізуін қолдаймыз. Біздің елді мықты ете түсетіні де осы", - делінген хабарламада. 

"АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер атап өткендей, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас - штаттарда білім алатын және жұмыс істейтін қазақстандықтардың және Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік алған америкалықтардың арқасында", - дейді консулдық өкілдері. 

Еске салайық, бүгін "Борат-2" фильмінің шығуына наразы алматылықтар АҚШ консулдығына келген болатын. Консулдыққа жиналған алматылықтар Саша Барон Коэннің жаңа фильмін нәсілшіл және дөрекі деп санайтындарын мәлімдеді. Сондықтан олар кинокартинаны көрсетуге тыйым салу үшін тұрғындардан қол жинаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети